Қарағанды индустриялық
университеті өмір бойы білім алу тұжырымдамасы аясында құрылған «Күміс
университет» бағдарламасына тыңдаушылардың кезекті қабылдауын
жариялайды.
Бағдарлама ҚарИУ-де 2020
жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және белсенді, заманауи әрі күш-қуаты мол
болып қалуға ұмтылатын 50 жастан асқан көркем жастағы тұрғындарға
арналған!
Бай өмірлік тәжірибеге
қарамастан, әрқайсымыз үшін заман ағымынан қалмай, цифрлық технологияларды,
жасанды интеллектіні, қаржылық сауаттылықты, қарым-қатынас пен өзін-өзі
дамытудың жаңа тәсілдерін меңгеру маңызды. «Күміс университет» дәл осы мақсатта
құрылған!
Сабақтардың басталуы: 2026 жылғы 2 қараша.
Ұйымдастыру жиналысы: 2026
жылғы 2 қараша, Қарағанды индустриялық университеті, жаңа корпус, Н-223
аудиториясы.
Оқу тегін!
Өтетін орны: Қарағанды индустриялық университеті,
Теміртау қаласы.
Осы оқу маусымында
тыңдаушыларға жеті курс ұсынылады:
1.
Компьютерлік
сауаттылық –
компьютермен, интернетпен және мобильді қосымшалармен жұмыс істеуді үйрену.
2.
Қаржылық
сауаттылық – жеке
бюджетті басқару, онлайн-банкингті пайдалану, сатып алуларды қауіпсіз жүзеге
асыру.
3.
Кәсіпкерлік
негіздері – идеяны жеке
кәсіпке айналдыру жолдары.
4.
Шахмат – зияткерлік әрі жағымды уақыт өткізу.
5.
Көркем
жастағы ханымдарға арналған фитнес – денсаулық, қозғалыс және көтеріңкі көңіл күй!
6.
«Ұрпақтар көпірі» ата-аналар академиясы
7.
Осы қабылдаудың жаңалығы – «Фламенко билері»
(топтағы орын саны шектеулі).
Барлық сабақтарды университет оқытушылары жылы шырайлы әрі жайлы
ортада өткізеді.
Біз қарым-қатынас, достық және шабыт кеңістігін қалыптастырамыз!
Теміртау қаласының барлық ниет білдіруші тұрғындарын «Күміс
университеттің» қатысушылары болуға және жаңа мүмкіндіктерді бірге ашуға
шақырамыз!
Фотогалерея