«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ!

Қарағанды индустриялық университеті өмір бойы білім алу тұжырымдамасы аясында құрылған «Күміс университет» бағдарламасына тыңдаушылардың кезекті қабылдауын жариялайды.

Бағдарлама ҚарИУ-де 2020 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және белсенді, заманауи әрі күш-қуаты мол болып қалуға ұмтылатын 50 жастан асқан көркем жастағы тұрғындарға арналған!

Бай өмірлік тәжірибеге қарамастан, әрқайсымыз үшін заман ағымынан қалмай, цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні, қаржылық сауаттылықты, қарым-қатынас пен өзін-өзі дамытудың жаңа тәсілдерін меңгеру маңызды. «Күміс университет» дәл осы мақсатта құрылған!

Сабақтардың басталуы: 2026 жылғы 2 қараша.

Ұйымдастыру жиналысы: 2026 жылғы 2 қараша, Қарағанды индустриялық университеті, жаңа корпус, Н-223 аудиториясы.

Оқу тегін!

Өтетін орны: Қарағанды индустриялық университеті, Теміртау қаласы.

Осы оқу маусымында тыңдаушыларға жеті курс ұсынылады:

1.    Компьютерлік сауаттылық – компьютермен, интернетпен және мобильді қосымшалармен жұмыс істеуді үйрену.

2.    Қаржылық сауаттылық – жеке бюджетті басқару, онлайн-банкингті пайдалану, сатып алуларды қауіпсіз жүзеге асыру.

3.    Кәсіпкерлік негіздері – идеяны жеке кәсіпке айналдыру жолдары.

4.    Шахмат – зияткерлік әрі жағымды уақыт өткізу.

5.    Көркем жастағы ханымдарға арналған фитнес – денсаулық, қозғалыс және көтеріңкі көңіл күй!

6.    «Ұрпақтар көпірі» ата-аналар академиясы

7.    Осы қабылдаудың жаңалығы – «Фламенко билері» (топтағы орын саны шектеулі).

Барлық сабақтарды университет оқытушылары жылы шырайлы әрі жайлы ортада өткізеді.

Біз қарым-қатынас, достық және шабыт кеңістігін қалыптастырамыз!

Теміртау қаласының барлық ниет білдіруші тұрғындарын «Күміс университеттің» қатысушылары болуға және жаңа мүмкіндіктерді бірге ашуға шақырамыз!