Қарағанды индустриялық
университетінде студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі тану
дағдыларын қалыптастыруға және жеке әрі кәсіби қызметтегі этикалық қағидалардың
маңызын түсінуге бағытталған «Өзгеріс күші: көшбасшылық энергиясы» атты воркшоп
өтті.
Іс-шара интерактивті
форматта ұйымдастырылып, тұлғалық дамуға және тұрақты құндылықтық бағдарларды
қалыптастыруға қызығушылық танытқан белсенді студент жастарды біріктірді.
Спикерлер ретінде психологиялық қызметтің жетекшісі Анжелика Ярута және
комплаенс-офицер Самал Ибрагимова сөз сөйлеп, қатысушыларға заманауи
көшбасшылыққа жан-жақты көзқарас ұсынды.
Кіріспе бөлімде воркшоптың
негізгі мақсаттары айқындалды — саналы көшбасшылықты дамыту, шешім қабылдау
дағдыларын қалыптастыру және өмірдің түрлі салаларында этика мен нормаларды
сақтаудың рөлін түсіну.
Ерекше назар «Этика және
көшбасшылық» атты шағын дәріске аударылды. Оның барысында қатысушылар адалдық,
ашықтық және жауапкершілік сияқты негізгі қағидалармен танысты. Білім беру және
кәсіби ортадан алынған практикалық мысалдар қарастырылып, көшбасшылық қасиеттердің
ережелерді сақтау, академиялық адалдық және корпоративтік этикамен тікелей
байланысы көрсетілді.
Воркшоптың практикалық
бөлімі нақты этикалық дилеммаларды қамтитын кейстермен топтық жұмысты қамтыды.
Студенттер мүдделер қақтығысы, топ тарапынан қысым және жылдам нәтиже мен
нормаларды сақтау арасындағы таңдау сияқты жағдайларды талдады. Талқылау барысында
қатысушылар негізделген әрі этикалық тұрғыдан дұрыс шешімдер ұсынып, сыни ойлау
мен командалық жұмыс дағдыларын дамытты.
«Көшбасшылықтағы жеке
құндылықтардың күші» атты пікірталас алаңында эмоционалдық интеллекттің, жеке
сенімдердің және ішкі ұстанымдардың көшбасшылық стилі мен шешім қабылдауға
әсері талқыланды. Спикерлер көшбасшының сенімі мен беделі ең алдымен оның құндылықтық
негізіне байланысты қалыптасатынын атап өтті.
Қорытынды кезеңде рефлексия
жүргізіліп, қатысушылар өздерінің күшті жақтарын талдап, әрі қарай даму
бағыттарын айқындады. Комплаенс-офицер этикалық нормаларды сақтау арқылы сенім
қалыптастыруға қатысты практикалық ұсынымдар берсе, психолог қатысушыларға өз
ресурстары мен өсу нүктелерін түсінуге көмектесті.
Воркшоптың нәтижесінде
әрбір қатысушы адалдық, жауапкершілік және ережелерді сақтау қағидаттарын
ескере отырып, өз көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған «жеке
көшбасшылық жоспарын» қалыптастырды.
Осындай іс-шараларды өткізу
студенттер арасында саналы көшбасшылық мәдениетін қалыптастыруға, адамгершілік
құндылықтарды нығайтуға және заманауи қоғам жағдайында салмақты әрі этикалық
тұрғыдан негізделген шешімдер қабылдай алатын бәсекеге қабілетті мамандарды
даярлауға ықпал етеді.
Фотогалерея