📅 2026 жылғы 29 сәуірде Теміртау
қаласында «Таңдау күші: спорт тәуелділікке қарсы» атты диалогтық алаң өтті. Бұл
шара жастарды, құқық қорғау органдарының өкілдерін және кәсіби спортшыларды
біріктірді.
Іс-шара Evolution
залында ұйымдастырылып, тәуелділік мәселесі мен әр адамның өміріндегі жеке
таңдау рөлі туралы ашық әрі шынайы пікір алмасуға мүмкіндік беретін маңызды
алаңға айналды.
🔹 Диалогқа қатысқандар:
— полиция майоры,
есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел уәкіл Галина Ломайкина;
— Қазақстан Республикасының 4 дүркін кикбоксинг чемпионы, жаттықтырушы
Денис Самодуров;
— Қарағанды индустриялық университетінің студенттері.
Қатысушылар есірткіге тәуелділіктің нақты қауіптері, оның алдын алу
жолдары және жастар арасындағы құқықтық сауаттылықтың маңызы туралы талқылады.
Әсіресе, антинаркотикалық көзқарасты қалыптастыру мен өз таңдауы үшін
жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
💬
Ашық форматтағы диалог үлкен қызығушылық тудырды — студенттер белсенді түрде
сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісіп, мамандардан нақты жауаптар алды.
🥊
Іс-шараның тәжірибелік бөлігінде Денис Самодуров кикбоксингтен шеберлік сағатын
өткізіп, спорттың тек физикалық күш қана емес, сонымен қатар тәртіп, мінез және
өзіне деген сенімділік екенін көрсетті.
📘
Барлық қатысушыларға «Есірткіге қарсы диалог» атты ақпараттық буклеттер
таратылды.
Осындай кездесулер жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда,
дұрыс құндылықтарды қалыптастыруда және саналы таңдау жасау жолында қолдау
көрсетуде маңызды рөл атқарады.
Мықты болашақ — бүгінгі
дұрыс шешімдерден басталады.
Фотогалерея