Бұл – рухани жаңару, терең ой толғау және шынайы дұға уақыты. Әрбір мұсылман үшін Рамазан – жүректі тазартып, иманды нығайтуға және адамгершілік кемелдікке ұмтылуға бастайтын жол. Ораза сабыр мен төзімділікті тәрбиелейді, шүкіршілікке, мейірімділікке және әрбір сөзі мен іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
Осы қасиетті күндері жақындарға қамқорлық көрсету, мұқтаж жандарға
қолдау білдіру, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту айрықша маңызды.
Рамазанның құндылықтары – әділдік, ізгілік, құрмет және жасампаздыққа ұмтылыс –
бүкіл халық үшін берік рухани тірек болып табылады.
Бұл ай әр шаңыраққа тыныштық пен береке әкелсін, жүректерді үміт нұрына
бөлесін, иманды күшейтіп, игі істерге шабыттандырсын. Алла Тағала дұғаларыңыз
бен ізгі ниеттеріңізді қабыл етсін.
Баршаңызға мықты денсаулық, сабыр және жан тыныштығын тілейміз!