КЕЛІСІМ ӨЗАРА ҚҰРМЕТТЕН БАСТАЛАДЫ

15 қазанда КМҚК «Президенттің тарихи-мәдени орталығы» Достық үйінде Рухани келісім күніне орай «Келісім – бейбітшілік пен тыныштықтың негізі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Қарағанды индустриялық университетінің 50 студенті қатысты. Олар Теміртау қаласының этносаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығының мамандарымен, қоғамдық бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың өкілдерімен бірге этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық бірлікті сақтау және өзара құрмет мәселелерін талқылады.

Қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы жастардың рөліне ерекше назар аударылды. Кездесу ашық диалог алаңына айналып, келісімнің құрметтен, бір-бірін тыңдай білуден және елдің болашағы үшін ортақ жауапкершіліктен басталатынын тағы бір мәрте еске салды.