Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне қатысу үшін ауқымды іріктеудің басталғанын хабарлайды.
ЕГЕР СІЗ:
✅ технологиялар мен Жасанды интеллект тоғысқан салада жұмыс істегіңіз келсе
✅ өз жобаларыңызды іске қосқыңыз келсе
✅ еліміздегі ең ірі AI қозғалысының бір бөлігі болғыңыз келсе
ІРІКТЕУДЕН ӨТУ МҮМКІНДІГІН ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ!
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бакалавриат студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ 2026 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан магистранттар мен докторанттар;
«AI-Sana» бағдарламасының I кезеңі аясында немесе басқа да жасанды интеллект курстарынан базалық курстарды аяқтаған болуы;
ағылшын тілінің базалық деңгейде болуы (ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат талап етілмейді)*.
*бағдарламаның келесі кезеңдерінен өту үшін ағылшын тілінің базалық деңгейі қажет, себебі ИИ-модельдермен, Python кодымен және салалық материалдармен жұмыс ағылшын тілінде жүргізіледі, мұнда ИИ жауаптарының сапасы мен дәлдігі жоғары болады.
ТЕСТІЛЕУ МЕРЗІМІ:
2 – 15 наурыз 2026 жыл (23:59 дейін)
Тіркеліп, тестілеуден өтуге болады:
PlatonusApp мобильді қосымшасы арқылы (Platonus платформасын пайдаланатын ЖОО студенттері үшін);
Егер Сіздің университетіңіз Platonus платформасында жұмыс істемесе — https://aisanatesting.kz сілтемесі арқылы немесе ресми сайт арқылы: https://aisana.gov.kz
ҚАТЫСУ НЕ БЕРЕДІ?
✅ Әлемдік сарапшылардан білім алу
Lumos Capital Group кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Пол Кимнің, сондай-ақ Stanford, MIT университеттерінің өкілдері, Кремний алқабының инвесторлары мен венчурлық қорлары сияқты халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен оқыту.
✅ Жасанды интеллект бойынша тәжірибе
Теориядан бастап Google Colab-та Python тілінде нақты код жазуға дейін. Сіз нейрондық желілер мен тілдік модельдердің қалай жұмыс істейтінін түсініп, оларды нақты міндеттерде қолдана аласыз.
✅ Кәсіпкерлік ойлау
Венчурлық инвесторлар мен стартап негізін қалаушылардан оқыту. Идеялардың питчтің ар жағында қалай бағаланатынын білесіз.
✅ Нақты кейстермен жұмыс
Энергетика, АӨК, денсаулық сақтау, қаржы, білім беру және Қазақстанның басқа да негізгі салалары.
✅ Дайын бизнес-жоспар
Капстоун-жоба: стартапты дамытуға арналған 12 кезең бойынша 240 маңызды сұрақ. Жұмыстарды ИИ жүйесі бағалайды, ал үздік жобалар Peer Gallery платформасында жарияланады.
✅ Alem.ai резиденттігі
II КЕЗЕҢГЕ ҚАЛАЙ ӨТУГЕ БОЛАДЫ?
Тіркеуден өтіңіз (жарамды Gmail поштасы болуы қажет)
Тестілеуден өтіңіз:
a. тест 25 сұрақтан тұрады
b. әр сұраққа 4 жауап нұсқасы ұсынылады, оның ішінен 1 дұрыс жауапты таңдау қажет
c. тестілеуді өтуге берілетін ең көп уақыт – 120 минут
d. тестті орындау уақыты да іріктеудің қосымша критерийі ретінде есепке алынады
e. тест нәтижесі бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушылар келесі кезеңге өтеді
f. тестті сәтті тапсырған жағдайда, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға бағдарламаға қабылданғаны туралы, сондай-ақ жеке логин мен пароль көрсетілген хат жіберіледі.
«AI-Sana» бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат ресми сайтта:
https://aisana.gov.kz/
Сіздерге табыс пен жоғары нәтижелер тілейміз!