ИСА-23 тобының студенті Вячеслав Носов «Энергетика» кафедрасының PhD,
доценті В. М. Дружининнің жетекшілігімен Тобольск қаласында өткен
«НефтеХимНавыки-2026» кәсіби шеберлік чемпионатында «Цифрлық қосалқы станция»
құзыреттілігі бойынша Қарағанды индустриялық университетінің атынан қатысты.
Вячеслав барлық конкурстық кезеңдерден лайықты өтіп, кәсіби даярлығының
жоғары деңгейін, практикалық дағдыларын және энергетика саласындағы заманауи
цифрлық технологияларды сенімді меңгергенін көрсетті.
Қатысу қорытындысы бойынша Носов В. 2026 жылғы қарашада Екатеринбург
қаласында өтетін «HiTech» жоғары технологиялық кәсіптер халықаралық
чемпионатына шақырту алды.
Вячеславты лайықты нәтижесімен құттықтаймыз және алдағы чемпионатқа сәтті
дайындалып, жаңа жетістіктерге жетуін және сенімді жеңіске жетуін тілейміз!
Фотогалерея