2026 жылғы 10-11 наурыз аралығында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ базасында тілдік емес мамандықтардың 1-2 курс студенттері арасында шет тілдерінен республикалық онлайн-олимпиада өтті. Шараның мақсаты — дарынды жастарды қолдау және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту.
Біздің университеттің намысын МвСП-25 тобының 1-курс студенті Қаппар Ғазырет қорғады. Олимпиада қорытындысы бойынша ол ағылшын тілінен жоғары деңгейлі білімін көрсетіп, III орынды иеленді.
Ғазырет пен ҚТжЖбБП кафедрасын абыройлы жетістіктерімен құттықтаймыз!
Фотогалерея
Поделиться: