Қарағанды индустриялық университетінің студенті Вячеслав Носов 9–13 қараша аралығында Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында өткен «HiTech» болашақ дағдылары – 2026 халықаралық чемпионатында «Цифрлық қосалқы станция» құзыреттілігі бойынша күміс медаль иеленді.
Халықаралық чемпионат кәсіби шеберлікті көрсетуге, тәжірибе алмасуға және жоғары технологиялар саласындағы құзыреттерді дамытуға арналған алаңға айналды. Қатысушылар техникалық дайындықтың, практикалық дағдылардың және заманауи цифрлық шешімдерді меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті.
Вячеслав
Қарағанды индустриялық университетінің ИСА-23 тобында білім алады. Чемпионатқа
дайындық жұмыстары «Энергетика» кафедрасының PhD докторы, доценті Валерий Михайлович
Дружининнің жетекшілігімен жүргізілді.
Қазақстандық
студенттің халықаралық деңгейдегі жетістігі отандық техникалық білім берудің
бәсекеге қабілеттілігін, инженерлік кадрларды даярлау сапасын және Қазақстан
жастарының озық технологияларды меңгерудегі жоғары әлеуетін растайды.
Вячеславтың
жетістігі теориялық дайындық пен энергетика саласына жоғары білікті мамандар
даярлауға бағытталған практикалық оқытудың тиімді үйлесімінің жарқын үлгісі
болып табылады.
Студенттеріміздің
жетістіктері – Қазақстанның инженерлік әлеуеті мен технологиялық болашағын
дамытуға қосылған үлес!
Фотогалерея