ЖИТ студенті — халықаралық олимпиада жүлдегері

ЖИТ кафедрасының студенттері Ягшыгелди Какаев атындағы Халықаралық мұнай және газ университеті ұйымдастырған информатика пәні бойынша IV Халықаралық ашық интернет-олимпиадаға қатысты. Аталған сайысқа Түрікменстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Германияны қоса алғанда, 9 елден 265 қатысушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қарағанды индустриялық университетінің ПИ-24 тобының студенті Нино Иван жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, құрметті үшінші орынды иеленіп, халықаралық жарыстың жүлдегері атанды.

Қатысушыларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!