27 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінде «Еститін мемлекет» форматында студенттермен кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналды. Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, білім алушыларға ұсынылып отырған өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат алуға ғана емес, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдіруге және өзекті қоғамдық-саяси үдерістерді талқылауға мүмкіндік берді.
Спикер ретінде «Қазақстан тарихы
және жалпы білім беру пәндер» кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар
магистрі Алешков Андрей Андреевич сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында ҚР жаңа
Конституциясы жобасының негізгі ережелеріне жан-жақты тоқталып, конституциялық
реформалардың алғышарттарын және олардың мемлекеттің одан әрі дамуы үшін
маңызын ашып көрсетті.
Әділ әрі құқықтық қоғам құру
қағидаттарына, елді басқаруда азаматтардың рөлін күшейтуге, демократиялық
институттарды дамытуға және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін
жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында билік
тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, азаматтардың мемлекеттік
шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттік органдардың
ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Спикер «Еститін мемлекет»
тұжырымдамасы қоғам мен билік арасындағы кері байланысты нығайтуға, ашық диалог
пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Студенттер талқылауға белсенді
қатысып, жастардың азаматтық белсенділігі, Конституцияның елдің негізгі заңы
ретіндегі рөлі және оның әрбір азаматтың күнделікті өміріне ықпалы тақырыптарын
көтерді.
Мұндай кездесулер құқықтық
сауаттылықты арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және
жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын түсінуге ықпал етеді.
Фотогалерея