Бүгін Қарағанды индустриялық университетінің студенттік
өзін-өзі басқару органдарының мүшелерінен құралған команда өз мүмкіндіктерін
сенімді түрде көрсетіп, «Студент өмірі» интерактивті командалық ойыны аясында
өткен қалалық байқауда жеңімпаз атанды 🎉
Іс-шара Теміртау қаласының «Жастар ресурстық орталығы»
КММ ұйымдастыруымен «Jastar Ortalygy» алаңында өтіп, қаладағы жоғары оқу
орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының белсенді жастарын
біріктірді.
Байқау барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін,
креативтілікті, ұйымшылдықты және көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып,
барлық кезеңдерден сәтті өтті: квиз (Kahoot), «Дағдылар дөңгелегі», «Жаңа
өнертабыс» жобасын қорғау және «Менің арманымдағы университет» тұжырымдамасын
әзірлеу.
Байқау қорытындысы бойынша ҚарИУ командасы:
🏆
«Болашақтың үздік білім беру ұйымы» номинациясы бойынша жеңімпаз дипломымен
📜 белсенді
қатысқаны және жастар бастамаларын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен
марапатталды
Бұл жеңіс — үйлесімді командалық жұмыстың,
бастамашылдықтың және дамуға деген ұмтылыстың нәтижесі. Біз студенттерімізді
мақтан тұтамыз және алда оларды әлі де көптеген жарқын жетістіктер күтіп
тұрғанына сенімдіміз! 💙
Фотогалерея