Қарағанды индустриялық университетінің студенттері «BILIM-ORKENIETI»
ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Үздік студент»
республикалық байқауында сәтті өнер көрсетті.
Байқау дарынды әрі белсенді жастарды қолдауға, студенттік бастамаларды
дамытуға және жаңа идеяларды іске асыруға жағдай жасауға бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломдармен марапатталды:
• Колдас Ұлданай Исраилжанқызы — ТФП-24к-3 тобы;
• Нүркенқызы Жанерке — ТФП-24к-3 тобы;
• Ерхан Нұрдина Ержанқызы — ТФП-23к-2 тобы.
Жеңімпаздарға сондай-ақ «Үздік студент» төсбелгілері, куәліктері және
естелік мүсіншелер табысталды.
Студенттерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктерге,
қызықты жобаларға және оқуда одан әрі табыстарға жетулеріне тілектеспіз!
Фотогалерея