ҚАРИУ СТУДЕНТТЕРІ – «ҮЗДІК СТУДЕНТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Қарағанды индустриялық университетінің студенттері «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Үздік студент» республикалық байқауында сәтті өнер көрсетті.

Байқау дарынды әрі белсенді жастарды қолдауға, студенттік бастамаларды дамытуға және жаңа идеяларды іске асыруға жағдай жасауға бағытталған.

Байқау қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломдармен марапатталды:

• Колдас Ұлданай Исраилжанқызы — ТФП-24к-3 тобы;

• Нүркенқызы Жанерке — ТФП-24к-3 тобы;

• Ерхан Нұрдина Ержанқызы — ТФП-23к-2 тобы.

Жеңімпаздарға сондай-ақ «Үздік студент» төсбелгілері, куәліктері және естелік мүсіншелер табысталды.

Студенттерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктерге, қызықты жобаларға және оқуда одан әрі табыстарға жетулеріне тілектеспіз!