КАРИУ СТУДЕНТТЕРІ АУҚЫМДЫ HACKALEM AI ХАКАТОНЫНА ҚАТЫСТЫ

Қарағанды индустриялық университетінің студенттері жасанды интеллект саласындағы ауқымды HackAlem AI хакатонына қатысты. КарИУ атынан 2, 3 және 4-курс студенттерінен құралған 15 студент қатысты.

Хакатонға барлығы 2435 адам қатысты.

Байқау барысында қатысушылар бизнестің нақты міндеттерін шешуге арналған прототиптер әзірледі. КарИУ студенттері AI-карьералық тренер, жеткізушілерді интеллектуалды таңдау, тауарларды іріктеу, бизнес үшін әзірлеушілер мен шешімдерді іздеу, сондай-ақ қаржылық байланыстарды анықтау үшін транзакциялық желілерді талдау сияқты түрлі кейстер бойынша жұмыс істеді.

HackAlem AI хакатонына қатысу студенттерге жасанды интеллект саласындағы білімдерін тәжірибеде қолдануға, бизнестің нақты міндеттерін шешу және шектеулі уақыт жағдайында командалық әзірлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік берді.