ҚАРИУ СТУДЕНТТЕРІ — «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» ОЙЫНЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Қарағанды индустриялық университетінің студенттері «Әділдік жолы» қалалық зияткерлік ойын-конкурсына белсенді қатысып, ынталандыру сыйлығының иегерлері атанды.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалаудың негізгі көрсеткіштері мен тәсілдерін білетіндерін көрсетті.

Зияткерлік ойын мектеп оқушыларын, колледж білім алушыларын және университет студенттерін біріктірді. Ол білімді тексеру, аналитикалық ойлауды дамыту және жастардың бойында адалдық, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру алаңына айналды.

КарИУ студенттерін лайықты нәтижемен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!