КАРИУ СТУДЕНТТЕРІ ДОЙБЫДАН СПАРТАКИАДАДА ҮЗДІК ҮШТІКТІҢ ҚАТАРЫНДА

 

Қарағанды индустриялық университетінің студенттері дойбыдан өткен облыстық спартакиадада жоғары оқу орнын лайықты деңгейде таныстырды.
Студенттер жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және шынайы командалық рухты көрсетті. Барлық турлардың қорытындысы бойынша студенттер сенімді түрде көшбасшылар үштігіне еніп, жалпыкомандалық есепте құрметті үшінші орынды иеленді. Бұл нәтиже университеттің болашақ инженерлерді кәсіби даярлаумен қатар, жастардың зияткерлік және спорттық әлеуетін дамытуға да айрықша көңіл бөлетінін дәлелдейді.
Спартакиада жыл сайын өткізіледі, биылғы спорттық іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті-нің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Команданы лайықты марапатымен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс, жаңа спорттық жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!