ҚарИУ студенттерінен құралған команда (Нем Вячеслав, Одинцов Максим, Степанов Евгений) GDCAU жобасы аясында өткен «Artificial Intelligence (AI) in Sustainable Development» халықаралық студенттік байқауының финалистері қатарына енді. Команда Орталық Азияның 5 елінен қатысқан 28 команда арасынан іріктеуден өтті.
14 сәуірде Алматы қаласындағы META University-де өткен финалда команда SolarAI жобасын ұсынды — күн энергиясын пайдалануды оңтайландыруға арналған интеллектуалды шешім. Жоба деректерді талдау және жасанды интеллект алгоритмдерін қолдану арқылы энергияны өндіру мен тұтынудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша ҚарИУ командасы құрметті үшінші орынды иеленді. Студенттерді осы жетістігімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс тілейміз!
Фотогалерея