КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚАРИУ-ДЫҢ ҚОНАҒЫ БОЛДЫ

15 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінде Теміртау қаласының болашақ колледж түлектеріне арналған Ашық есік күні өтті. Кездесуге Техникалық-экономикалық колледжінің, Теміртау жоғары политехникалық колледжінің, Теміртау техникалық колледжінің және Теміртау кәсіби-техникалық колледжінің студенттері қатысты.

Жыл сайын өткізілетін іс-шараның мақсаты — болашақ талапкерлерді университеттің білім беру бағдарламаларымен, оқу процесінің ерекшеліктерімен, қабылдау шарттарымен және қысқартылған білім беру траекториялары бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндіктерімен таныстыру. Университет өкілдері сұранысқа ие даярлау бағыттары, жұмысқа орналасу перспективалары, академиялық ұтқырлық, ғылыми қызмет және студенттік өмір туралы баяндады.

Кездесу барысында қонақтар қабылдау ережелері туралы толық ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университеттің оқытушыларымен және студенттерімен пікір алмасты.

Іс-шара соңында қатысушылар үшін жоғары оқу орны бойынша экскурсия ұйымдастырылды: жастар оқу аудиторияларын, мамандандырылған зертханаларды және кітапхананы аралап, университеттің материалдық-техникалық базасымен және оқу жағдайларымен танысты. Ашық есік күні колледждің болашақ түлектерінің кәсіби өзін-өзі айқындауында маңызды қадам болып, ҚарИУ-да білім алу мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға ықпал етті.