19 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінде студенттермен харассменттің алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелеріне арналған интерактивті кездесу өтті. Іс-шара университеттің психологиялық қызметінің жетекшісі мен омбудсменінің қатысуымен ашық әрі сенімді диалог форматында ұйымдастырылды.
Кездесудің тақырыбы — «Шекара. Құрмет. Қауіпсіздік» —
жеке шекаралар, тұлғааралық қарым-қатынас мәдениеті және ұжымдағы ахуал үшін
әркімнің жауапкершілігі туралы мазмұнды әңгімеге негіз болды. Талқылау
барысында жеке кеңістік пен келісім ұғымдары түсіндіріліп, харассменттің
негізгі түрлері — вербалды, вербалды емес және мінез-құлықтық көріністері,
сондай-ақ олардың адамның психологиялық жай-күйіне әсері қарастырылды.
Психологиялық қызметтің жетекшісі жеке шекаралардың
бұзылу жағдайларын қалай анықтауға болатынына, өзін қорғау үшін қандай қадамдар
жасау қажет екеніне және кәсіби қолдауды қалай алуға болатынына жан-жақты
тоқталды. Омбудсмен өз кезегінде жанжалды немесе даулы жағдайлар туындаған
кезде жүгіну тәртібін түсіндіріп, білім алушылардың құқықтарын сақтау мен
оларды қорғау тетіктерінің маңыздылығын атап өтті.
Студенттерге бірлесіп талдауға арналған практикалық
кейстер ұсынылды, бұл олардың теориялық білім алып қана қоймай, сындарлы әрекет
ету дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік берді. Оқу үдерісінде және цифрлық
кеңістікте өзара құрмет пен қарым-қатынас әдебі мәселелеріне, сондай-ақ
кемсітушілік пен қысымның кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік мәдениетін
қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық және
психологиялық сауаттылығын арттыруға, эмоционалдық интеллектіні дамытуға және
академиялық қауымдастықта құрмет, теңдік пен қауіпсіздік қағидаттарын нығайтуға
ықпал етеді.
Фотогалерея