19 ақпанда «ЖАҢАРУ» РҚБ-ның жоспары аясында Қарағанды индустриялық университетінде жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өткізілді.
Кездесу барысында университеттің комплаенс-офицері студенттерге
қолданыстағы заңнаманың негізгі нормаларын, академиялық адалдық қағидаттарын,
сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін көзделген
жауапкершілікті түсіндірді.
Іс-шарада әрбір білім алушының ашық әрі әділ білім беру ортасын
қалыптастырудағы рөліне, жеке жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымның
маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында студенттер QR-код арқылы сауалнамаға қатысып, кері байланыс
берді. Бұл құқықтық мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
бойынша олардың хабардарлық деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
Photo Gallery