ДӘСТҮР, СПОРТ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ҚАРИУ-ДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

20 наурыз — Ұлттық спорт күні мерекесін атап өту аясында Қарағанды индустриялық университетінде факультеттер арасында ұлттық спорт түрлерінен университетішілік турнир өтті.

 

Студенттер арқан тартыс, тоғыз құмалақ және қазақ күресі бойынша жарыстарға қатысты. Іс-шара ұлттық дәстүрлерге деген құрметтің жарқын көрінісіне айналып, сондай-ақ күшті, төзімділікті және командалық рухты дамытуға арналған алаң болды.

 

Жарыс қорытындысы бойынша:

 

🔹 Арқан тартыс:

1 орын — металлургия және машина жасау факультеті

2 орын — экономика және құрылыс факультеті

3 орын — энергетика, көлік және басқару жүйелері факультеті

 

🔹 Тоғыз құмалақ:

1 орын — Зорбаева Кәусар

2 орын — Рахымжан Мадина

3 орын — Мырзатай Әсел

 

Қазақ күресі бағыты бойынша студенттер ұлттық спорттық дәстүрлерге деген құрметті, күш пен техниканы көрсеткен көрнекі қойылымдар ұйымдастырды.

 

Қосымша «Жанару» РҚБ бағдарламасы аясында үстел теннисі мен армрестлинг бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Бастама тек салауатты өмір салтын насихаттауға ғана емес, сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға және адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталды.

 

Іс-шара бағдарламасы спорттық жарыстар мен ағартушылық элементтерді үйлесімді түрде біріктірді. Жарыстар арасындағы үзілістерде заңдылық, жеке жауапкершілік және этикалық нормаларды сақтау мәселелеріне арналған интерактивті әңгімелер өткізілді.

 

Қосымша жарыстардың нәтижелері:

 

🔹 Үстел теннисі (қыздар):

1 орын — Батырова Гульнур

2 орын — Баратова Гульнур

3 орын — Жақсыбекова Малика

 

🔹 Үстел теннисі (ұлдар):

1 орын — Сапар Сұлтан

2 орын — Жижимов Артем

3 орын — Абдубеков Бекжігіт

 

🔹 Армрестлинг:

70 кг дейін:

1 орын — Тәліп Ерасыл

2 орын — Ілияс Бақкелді

3 орын — Теміралыев Айбег

 

80 кг дейін:

1 орын — Абай Нұрасыл

2 орын — Кидираян Есімхан

3 орын — Ғаннбекұлы Ерасыл

 

80 кг жоғары:

1 орын — Испаев Ислам

2 орын — Жезтаев Жанасыл

3 орын — Алпамысов Саят

 

Айта кетейік, тәтті сыйлықтардың демеушісі университеттің кәсіподақ ұйымы болды.

 

Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің дене белсенділігін дамытуға ғана емес, сондай-ақ жастар арасында тұрақты өмірлік құндылықтарды, заңға және ұлттық мұраға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.