9–10 желтоқсан күндері ҚарИУ-де Erasmus+ GDCAU жобасы аясында пәндердің силлабустарын тұрақты даму қағидаттарын енгізу мақсатында жаңғыртуға бағытталған «Тренерлерді даярлау: тұрақты білім беру негізінде курстарды жаңарту» тақырыбында тренинг өтті.
Тренингті аға сарапшылар Дайырбекова Г.С. және Жаутиков Б.А. жүргізді.
Қатысушылар тұрақты білім берудің негізгі элементтерін зерделеді:
— жүйелік және пәнаралық ойлау;
— күрделі мәселелерге көпқырлы көзқарас;
— мәдениетаралық түсіністік;
— болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік;
— құндылықтарға негізделген тәсіл және күрделілікпен жұмыс істеу.
Оқытушылар нақты кейстермен жұмыс жасап, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық аспектілерді оқыту процесіне енгізу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар интерактивті оқыту әдістерін — симуляциялар, рөлдік ойындар, практикалық сабақтарды меңгерді. Бұл әдістер білім берумен қатар тұрақтылық құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Топтық жұмыс барысында қатысушылар экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын анықтауды және Тұрақты даму мақсаттарын оқу бағдарламаларына интеграциялауды үйренді.
Тұрақты білім беру — болашаққа бағытталған ойлау жүйесін қалыптастыруға жасалған маңызды қадам. ҚарИУ әр аудиторияны оң өзгерістер кеңістігіне айналдыру үшін заманауи тәсілдерді ілгерілетуді жалғастыруда.
Photo Gallery