2026 жылғы 10 сәуірде
«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасында доцент К.А. Ногаевтың
«Металлургиялық жабдықтар мен процестерді зерттеудегі компьютерлік инженерлік
талдау (CAE) және жасанды интеллект» тақырыбында ғылыми семинары өткізілді.
Семинар барысында
металлургиялық жабдықтарды зерттеу, жобалау және жаңғырту міндеттерінде
компьютерлік инженерлік талдауды қолданудың заманауи тәсілдері таныстырылды.
Баяндамада металлургиялық процестер мен машиналарды талдаудағы CAE жүйелерінің
рөлі, міндеттері және әдіснамасы қарастырылды. Сонымен қатар жабдық жұмысының
динамикалық модельдеу мысалдары, кернеулі-деформацияланған күйді есептеу
негізіндегі конструктивтік элементтердің беріктік талдауы, сондай-ақ металдарды
қысыммен өңдеу процестерін модельдеу нәтижелері ұсынылды. Бұдан бөлек,
компьютерлік инженерлік талдаудың есептік-талдамалық рәсімдеріне жасанды
интеллект құралдарын ықпалдастыру перспективалары атап өтілді.
Өткізілген семинар
кафедраның ғылыми әлеуетін шоғырландыруға, білім алушылар мен
профессор-оқытушылар құрамының зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ
металлургиялық жабдықтар мен процестер саласындағы қолданбалы және ғылыми
міндеттерді шешудің әдіснамалық тәсілдерін өзектендіруге бағытталды.
Фотогалерея