16 сәуір күні Қарағанды индустриялық университетінде «Кітап оқитын педагог» жобасы аясында ұйымдастырылған конференция өтті. Университет кітапханасында өткен бұл іс-шара жастар арасында оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды бастама болды.
Конференция жұмысына оқытушылар мен студенттер белсенді қатысып, өз ойларымен және жеке оқырмандық тәжірибелерімен бөлісті. Талқылаудың негізгі өзегіне «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасы алынып, қатысушылар осы туынды арқылы адамгершілік құндылықтар, махаббат және рухани даму туралы түсініктерін ортаға салды.
Бағдарлама аясында домбырамен орындалған күйлер шырқалып, интерактивті сұрақтар мен танымдық ойындар ұйымдастырылды. Осындай шығармашылық атмосфера конференцияның әсерлі өтуіне ықпал етіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Рыспекова Гүлжан Мэлсовна, Каршыга Ордабаевич, Есболат Айбол Батырханович, Тілеубаев Абил-Сайд Мағауин, Кенжебаева Тоғжан Сериковна, Қалдыбековна Құндыз, Тураровна Жанар және университет студенттері.
Фотогалерея