3 сәуір күні Қарағанды индустриялық университетінде «Заң мен тәртіп»
бастамасы аясында Қарағанды облысы Полиция департаментінің халықпен есептік
кездесуі өтті. Іс-шараға университет студенттері де қатысып, құқық қорғау
органдарының жұмысына белсенді қызығушылық танытты.
Жиын барысында департамент бастығы Негмет Исмагулов сөз сөйлеп, атқарылған
жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады, сондай-ақ өңірдегі құқықтық тәртіпті
қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне тоқталды.
Полиция қызметкерлерінің баяндамасынан студенттер ең көп таралған
құқықбұзушылықтар және олардың алдын алу шаралары туралы білді. Кездесу
барысында олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алып,
жастар мен полиция өкілдері арасында ашық диалог орнауына ықпал етті.
Сонымен қатар, университет аумағында көрме ұйымдастырылып, қатысушыларға
қызметтік көліктер, қару үлгілері, формалық киімдер, бүркемелеу құралдары және
қызметтік иттердің жұмысы көрсетілді. Іс-шара студенттерге полиция қызметінің
ерекшеліктері мен техникалық жабдықталуымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Фотогалерея