КАРИУ-ДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қарағанды индустриялық университетінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Университеттің акт залында оқытушылар, қызметкерлер, студенттер және шақырылған қонақтар жиналды.

Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзін КарИУ Басқарма төрағасы — Ректор Бахыт Жаутиков арнады. Ол Республика күнінің маңыздылығын және университет ұжымының мамандар даярлауға, білім беру мен ғылымды дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Іс-шараның қонағы КарИУ түлегі, Теміртау қаласының қоғам қайраткері Алексей Ломакин болды. Ол ұжым мен студенттерді мерекемен құттықтап, университетке одан әрі даму мен жаңа жетістіктер тіледі.

Кездесудің маңызды сәттерінің бірі университеттің «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылған рәсім болды. Банктің Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары Надежда Ноздрина мен Теміртау бөлімшесінің директоры Эльмира Абишева университетке белгілі қазақ жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романын табыс етті. 70 кітап университет кітапханасының қорын толықтырып, студенттер мен оқытушыларға қолжетімді болады.

Бағдарлама марапаттау рәсімімен жалғасты. Анель Мендибаеваға PhD философия докторы дипломы табыс етілді. Оған ғылыми дәреже Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2026 жылғы 21 қазандағы бұйрығына сәйкес «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша берілді.

Бұл күні университетте көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан, өз міндеттерін адал атқарып, КарИУ-дің дамуына үлес қосып жүрген оқытушылар мен қызметкерлер де атап өтілді. Оларға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің және университет Басқарма төрағасы — Ректорының алғыс хаттары табыс етілді.

Мерекелік көңіл күйді қатысушыларға Қазақстанның халық әртісі Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің өнерпаздары сыйлады. Сахнада қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармалары орындалып, вокалдық және би нөмірлері ұсынылды. Іс-шара «Атамекен» әнін бірге орындаумен аяқталды.

Марапатталғандардың тізімі.

PhD философия докторы дипломы:

— Мендибаева Анель Жанатовна — «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хаттары:

— Исакова Жанар Тураровна — Қарағанды индустриялық университетінің кітапханашысы;

— Кустов Анатолий Модестович — «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының аға шебері;

— Найзабаев Жамбыл Аязбаевич — Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту департаментінің электргазбен дәнекерлеушісі;

— Сулейменова Салтанат Съездбековна — Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту департаментінің вахтері;

— Манатова Жанар Хасановна — Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту департаментінің тазалаушысы;

— Ахметбаева Гулнара Рысбаевна — Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту департаментінің тазалаушысы.

КарИУ Басқарма төрағасы — Ректорының алғыс хаттары:

— Гуменчук Оксана Николаевна — «Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының доценті, саяси ғылымдар кандидаты;

— Искакова Дамира Ныгметоллаевна — «Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі;

— Кузьмичев Семен Семенович — «Құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі;

— Каппарова Толганай Сериковна — «Химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі;

— Кузембаева Светлана Исабаевна — Академиялық саясат департаментінің жоғары білікті маманы;

— Малкова Маргарита Максимовна — HR бөлімінің студенттер ісі және мұрағат жөніндегі маманы;

— Ажикова Жанар Дулатовна — КарИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледждің сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі;

— Бнятова Ольга Викторовна — КарИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледждің педагог-психологы.

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің алғыс хаты:

— Кузембаева Светлана Исабаевна — жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ресми құжаттарын апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге белсенді қатысқаны үшін.