«Қарағанды
индустриялық университеті» КЕАҚ сіздерді «Адами капиталды, техникалық білімді,
инженерлік ғылымды және инновацияларды дамыту – мемлекеттің стратегиялық
қызметінің бағыты» тақырыбындағы LVI Республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция
2026 жылы 16 сәуірде өтеді.
Мақсаты:
Адами капиталды дамыту, техникалық және инженерлік білім беруді жетілдіру,
ғылыми әлеуетті нығайту және инновациялық қызметті ынталандыру мәселелерін
талқылау – елдің тұрақты дамуының негізгі факторлары ретінде қарастыру. Іс-шара
аясында инженерлік кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдері талқыланып, ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар
әзірлеу жоспарлануда.
Конференция
келесі секциялар бойынша өткізіледі:
1-
секция. Болашақ индустриясының инженерлік жүйелеріндегі жаңа материалдар,
химиялық және нанотехнологиялар.
2-
секция. Өнеркәсіп пен білім берудегі цифрлық трансформация және зияткерлік
технологиялар.
3-
секция. GreenTech & AI: энергия, экология, тұрақты болашақ.
4-
секция. Инновациялар мен тұрақты даму экономикасы: цифрлық трансформация
жағдайында адами капиталды басқару.
5-
секция. Мемлекеттік басқарудағы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қағидаттары: академиялық адалдық және қоғамның парасаттылығы
Өткізу
күні: 2026 жыл 16 сәуір.
Өткізу
орны: Теміртау қ., Республика даңғылы, 30.
Қатысу
форматы: офлайн/онлайн (келісім бойынша).
Өткізу
тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысушылары:
білім алушылар, ғылыми қызметкерлер және профессор-оқытушылар құрамы.
Өтінімдер
мен қолжазбаларды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса
алғанда).
Конференцияның
ресми сайты: https://conf.tttu.edu.kz/