ҚарИУ-де республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ сіздерді «Адами капиталды, техникалық білімді, инженерлік ғылымды және инновацияларды дамыту – мемлекеттің стратегиялық қызметінің бағыты» тақырыбындағы LVI Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

 

Конференция 2026 жылы 16 сәуірде өтеді.

 

Мақсаты: Адами капиталды дамыту, техникалық және инженерлік білім беруді жетілдіру, ғылыми әлеуетті нығайту және инновациялық қызметті ынталандыру мәселелерін талқылау – елдің тұрақты дамуының негізгі факторлары ретінде қарастыру. Іс-шара аясында инженерлік кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдері талқыланып, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.

 

Конференция келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1- секция. Болашақ индустриясының инженерлік жүйелеріндегі жаңа материалдар, химиялық және нанотехнологиялар.

2- секция. Өнеркәсіп пен білім берудегі цифрлық трансформация және зияткерлік технологиялар.

3- секция. GreenTech & AI: энергия, экология, тұрақты болашақ.

4- секция. Инновациялар мен тұрақты даму экономикасы: цифрлық трансформация жағдайында адами капиталды басқару.

5- секция. Мемлекеттік басқарудағы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттары: академиялық адалдық және қоғамның парасаттылығы

 

Өткізу күні: 2026 жыл 16 сәуір.

 

Өткізу орны: Теміртау қ., Республика даңғылы, 30.

Қатысу форматы: офлайн/онлайн (келісім бойынша).

Өткізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысушылары: білім алушылар, ғылыми қызметкерлер және профессор-оқытушылар құрамы.

Өтінімдер мен қолжазбаларды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса алғанда).

Конференцияның ресми сайты:  https://conf.tttu.edu.kz/