МҚӨ кафедрасының әдістемелік апталығы аясында 14 сәуірде Қарағанды индустриялық университетінде студенттерге «Кеше қандай болсаң, бүгін одан да жақсы бол» тақырыбында мотивациялық дәріс өтті. Спикер ретінде доцент, техника ғылымдарының кандидаты Аманжолов Ж.К. сөз сөйледі.
Семинар тұлғалық өсу, өзін-өзі дамыту және тұрақты мотивация қалыптастыру мәселелеріне арналды. Кездесу барысында қатысушыларға өз-өзімен тұрақты жұмыс істеудің маңыздылығы, жеке тәжірибені талдай білу және күн сайын алға ұмтылу қажеттілігі туралы айтылды.
Іс-шара студенттердің қызығушылығын тудырып, олардың өз дамуы туралы ойлануына ықпал етті және өмірде оң өзгерістер жасауға шабыт берді.
Photo Gallery
Share: