ҚАРИУ-ДА TERRICON VALLEY ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қарағанды индустриялық университетінде студенттер IT мамандарын, технологиялық компаниялар мен стартаптарды біріктіретін өңірлік алаң — Terricon Valley өкілдерімен кездесті.

Кездесуде студенттердің оқу барысында IT саласында тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері туралы айтылды. Terricon Valley сала мамандарының қатысуымен білім беру іс-шараларын ұйымдастырады және студенттерге практикадан өтуге мүмкіндік береді. Жобаларға қатысу студенттерге алған білімін нақты міндеттерді шешуде қолдануға, командада жұмыс істеуге және мамандардан кері байланыс алуға мүмкіндік береді.

Студенттік бастамаларды қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Terricon Valley алаңында студенттер жоба идеясын мамандармен талқылап, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар ала алады және бірлесіп жұмыс істейтін команда мүшелерін таба алады. Сондай-ақ студенттер өңірлік IT компанияларымен танысу және мамандығы бойынша алғашқы жұмыс орнын іздеу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.