ҰЛЫ ЖЕҢІС БАТЫРЛАРЫНА ТАҒЗЫМ

8 мамыр күні Қарағанды индустриялық университетінде «Жеңіс жаңғырығы: уақытпен жеткен естелік» атты қалалық шығармашылық конференция өтті. Іс-шара колледж студенттерін, КарИУ білім алушыларын және Теміртау қаласының жоғары сынып оқушыларын біріктіріп, Ұлы Отан соғысы тарихының қаһармандық беттерін еске алуға және Жеңіс буынына құрмет көрсетуге арналды.

Конференцияны Қарағанды индустриялық университетінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және жастарды өз елінің тарихын зерделеуге тарту болды.

Конференцияны ҚарИУ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Галина Александровна Сивякова ашты. Ол мұндай іс-шаралардың жастарға патриоттық тәрбие беруде маңызды рөл атқаратынын, тарихи жадыны сақтауға және Жеңіс буынының ерлігіне құрмет қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Өз сөзінде Ұлы Отан соғысы туралы естелік тек тарих оқулықтары арқылы ғана емес, отбасылық естеліктер, шығармашылық пен жанды қарым-қатынас арқылы да ұрпақтан ұрпаққа берілуі тиіс екенін айтты.

Конференция қатысушыларына құттықтау сөзін іс-шараның құрметті қонағы – «Qarmet» АҚ жанындағы «Аманат» партиясының өкілі Аймбетова Асемай Муратовна да арнады. Ол өз сөзінде бүгінгі жастармен соғыс жылдарының оқиғалары туралы айту, ұрпақтар байланысын сақтау және Ұлы Жеңіс туралы естеліктің ұмытылмауы аса маңызды екенін атап өтті.

Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі – Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккері Василий Николаевич Мельниктің сөзі болды. Қатысушылар оның соғыстың ауыр жылдары туралы естеліктерін үнсіз тыңдады. Соғыс кезеңін бастан өткерген жанның қарапайым әрі шынайы сөздері жастарға бейбіт өмірдің құнын, адам төзімділігі мен рух күшін еске салды.

Конференция үш шығармашылық секция бойынша өтті. Қатысушылар өздерінің ардагер және тыл еңбеккері туыстары туралы әңгімелеп, отбасында сақталған естеліктерімен бөлісті.

Көркем оқу секциясындағы өнер көрсетулер де ерекше әсер қалдырды. Студенттер соғыс, ерлік пен халық қаһармандығы туралы өлеңдер оқыды.

Үшінші секция соғыс жылдарының әндерін орындаушыларды біріктірді. Залда Жеңіс дәуірінің символына айналған әндер шырқалды.

Конференция қорытындысы бойынша үздіктер анықталды:

1 орынКульмакишев Рахман Каиржанович (ТМК «Мирас»);

2 орынТургымбаева Жасмина Сайдуллақызы (КарИУ);

3 орынАбдрашим Марлен (КарИУ).

2 секция

1 орынАрыстанбекова Нурсила (ТМК «Мирас»);

2 орынДжавланбекова Мухлиса Холмуратовна (КарИУ);

3 орынБектемір Қаншайым Асқарқызы (КарИУ).

3 секция

1 орынМусаева Аида Саматқызы (КарИУ) и Байбақызы Гаухар, Галимжанова Диана, Тойлыбек Асем и Энгельс Шокан (ТЭК);

2 орынҚалидолдай Ерасыл (КарИУ);

3 орынЕрпайызова Акниет Толибаевна (ТМК «Мирас»).

 

«Жеңіс жаңғырығы: уақытпен жеткен естелік» конференциясы Ұлы Отан соғысы туралы жадының жас ұрпақ жүрегінде әлі де өмір сүретінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Шығармашылық, отбасылық естеліктер және жанды қарым-қатынас арқылы қатысушылар тарихпен қайта қауышып, халық ерлігін есте сақтаудың маңызын терең сезіне алды.