14 сәуірде Қарағанды индустриялық университетіне жұмыс сапарымен Сібір
мемлекеттік индустриалдық университетінің (Новокузнецк қ.) халықаралық қызмет
басқармасының бастығы Гутак Ольга Ярославовна келді.
Сібір мемлекеттік индустриалдық университеті жетекші техникалық жоғары оқу
орындарының бірі болып табылады, оны Қарағанды индустриялық университетімен
білім беру және ғылыми басымдықтардың ортақтығы, сондай-ақ жұмыс берушілермен
және өнеркәсіптік кәсіпорындармен тығыз өзара іс-қимылға бағдарлануы
біріктіреді.
Сапар аясында Ольга Ярославовна Қарағанды индустриялық университетінің
зертханалық базасымен, сондай-ақ «Металлургия және материалтану» және
«Металдарды қысыммен өңдеу» кафедраларының негізгі ғылыми қызмет бағыттарымен
танысты.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, оның
ішінде білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын
дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ бірлескен
ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Сапар университеттер
арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтудағы маңызды қадамға айналып,
халықаралық академиялық және ғылыми өзара іс-қимылды кеңейту үшін жаңа
мүмкіндіктер ашты.
Photo Gallery