20.10.2025 жылдан бастап профессор, PhD Агнешка Дабска «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау теориясы мен технологиясы» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарымен консультациялар циклін бастады.
Кездесулер барысында профессор геотехника және гидротехникалық құрылыс саласындағы зерттеулер бойынша халықаралық тәжірибесімен және ғылыми тәсілдерімен бөліседі, магистранттарға диссертациялық жұмыстардың тақырыптарын таңдауға, құрылымы мен әдіснамасын айқындауға кеңес береді.
Ерекше назар эксперименттік модельдеу мәселелеріне, топырақтардың қасиеттерін еуропалық стандарттар бойынша талдауға және зертханалық деректерді интерпретациялауға аударылады.
Поделиться: