ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШ РЕТ — ТАЛАНТТЫ АБИТУРИЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АТАУЛЫ ГРАНТТАР!

Қарағанды индустриялық университетінде көрнекті ғалым-металлург, Завод-ВТУЗ-дың бұрынғы ректоры Нариман Қуанышғалиұлы Ишмұхамедов атындағы білім беру грантына арналған байқаудың қорытындысы шығарылды.

Нариман Қуанышғалиұлы жиырма жылға жуық уақыт бойы университетті басқарып, оның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Ғалымның құрметіне тағайындалған грант білім алуға, ғылыммен айналысуға, университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуға және болашақта отандық өнеркәсіптің дамуына үлес қосуға ұмтылатын қабілетті әрі мақсатшыл жастарды қолдауға бағытталған.

Грант оқу ақысының толық төленуін және ай сайынғы 150 000 теңге мөлшеріндегі шәкіртақыны қарастырады.

15 атаулы гранттың иегерлері:

1. Темирбаева Динара Мураталиевна — 6B06102 «Жасанды интеллект технологиялары»;

2. Бейсенова Аяна Мартбековна — 6В07204 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»;

3. Менжаева Дарья Сергеевна — 6B04103 «Бизнес экономикасы»;

4. Сеиыл Нұрислам Аманұлы — 6В07204 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»;

5. Нурлыбекұлы Әлһам — 6В07106 «Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы»;

6. Иманбай Мирас Нұралнұлы — 6В07088 «Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі жобалық менеджмент»;

7. Алдабергенов Мерей Нургалиевич — 6В07301 «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс»;

8. Әбүш Ерхат Маратұлы — 6В07113 «Машина жасау»;

9. Захарова Анастасия Артемовна — 6B06102 «Жасанды интеллект технологиялары»;

10. Мнайдарова Камила Руслановна — 6B04103 «Бизнес экономикасы»;

11. Жагслаг Нұрсұлтан — 6B04103 «Бизнес экономикасы»;

12. Маничкина Екатерина Андреевна — 6B04103 «Бизнес экономикасы»;

13. Мироненко Елена Игоревна — 6B04103 «Бизнес экономикасы»;

14. Берибаев Алимрахман Дидарович — 6B04103 «Бизнес экономикасы»;

15. Қасымова Ажар Айтқалымқызы — 6В07106 «Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы».

Атаулы грант иегерлерін осы маңызды жетістіктерімен құттықтаймыз!

Сіздерге оқуда табыс, жаңа білім, жарқын идеялар, ғылыми және шығармашылық жеңістер тілейміз. Қарағанды индустриялық университетінде алған білімдеріңіз кәсіби дамуларыңыздың берік негізіне айналып, алдарыңызға қойған биік мақсаттарыңыз бен ауқымды жоспарларыңызды жүзеге асыруға жол ашсын!