Серіктес жоғары оқу орны әріптестерінің вебинары «Жоғары оқу орны оқытушысының қызметіндегі ақпараттық технологиялар»

«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы әдістемелік апта аясында халықаралық ынтымақтастық негізінде және «Құзыреттілікті дамыту орталығының» жоспарына сәйкес (ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент И.В. Шеститко) «Жоғары оқу орны оқытушысының қызметіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.

Вебинар серіктес жоғары оқу орны – М. Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтымен бірлескен форматта өткізілді.

Вебинарға қатысушылар жобаларды басқарудың бұлтты сервисі – KAITEN тақтасымен танысып, білім алушылардың құзыреттіліктерінің қалыптасуын бақылауды ұйымдастыру мақсатында оны тиімді пайдалану мүмкіндіктерін тәжірибеде қарастырды.

БГПУ Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының аға оқытушысы Н.В. Быстрякова оқытушылардың заманауи ақпараттық оқыту технологияларын меңгеру тәжірибесін және авторлық жобаларды ұйымдастыру тәжірибесін таныстырды.