12 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінде «Еңбек ұжымындағы қақтығыс психологиясы» атты дөңгелек үстел өтті.
Университеттің психологиялық
қызметінің жетекшісі А.В. Ярута тиімді қарым-қатынас, эмоционалдық
тұрақтылық және сау жұмыс ахуалын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар
аударды.
Омбудсмен Г.С. Даирбекова
корпоративтік мәдениеттің және этикалық нормалардың сақталуының маңыздылығын
атап өтіп, тәжірибеден алынған нақты мысалдар келтірді және еңбек дауларының
алдын алу тәсілдерін түсіндірді.
Комплаенс-офицер С.С. Ибрагимова
академиялық адалдықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің рөліне
тоқталып, «Жаңару» РҚБ қызметі туралы кеңінен айтып өтті. Ұйым сыбайлас
жемқорлықтың себептерін жою, қоғамдық бақылау жүргізу және университетте
сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру бағытында жұмыс істейді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар
тәжірибе алмасып, нақты жағдайларды талдап, сенімді нығайту, коммуникацияны
жақсарту және ұжымдық өзара әрекеттестікті дамыту бойынша практикалық ұсыныстар
ұсынды.
Photo Gallery