11 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінде студенттердің ақпараттық-ағартушылық тобының мүшесі Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлымен кездесуі өтті.
Сөзінде спикер ақпараттық қауіпсіздік пен
медиасауаттылықтың өзекті мәселелерін қозғап, ақпаратты сыни тұрғыдан
қабылдаудың, әлеуметтік желідегі жалған материалдар мен манипулятивтік
контентті танудың маңыздылығына ерекше мән берді. Сондай-ақ экстремизм мен
терроризмнің алдын алу, жастардың деструктивті қозғалыстарға тартылуының
себептері кеңінен қаралды.
Сонымен қатар қатысушылар дәстүрлі құндылықтар мен
мәдениеттің қоғамдық келісімді нығайтудағы және тұрақты азаматтық ұстанымды
қалыптастырудағы рөлін талқылады.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: студенттер
белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісіп, талқылауға қатысты, бұл
әңгімені мазмұнды әрі нәтижелі етті.
Photo Gallery