Қарағанды индустриялық университетінде «Қақтығыс жағдайында студентті қалай қолдау керек?» тақырыбында тренинг өтті.
Тренинг барысында келесі
өзекті мәселелер талқыланды:
— университет ортасындағы
қақтығыстың мәні;
— қақтығыстың пайда болу
себептері;
— студенттің басқа
студентті қалай қолдай алатыны;
— дұрыс тыңдау, сабыр
сақтау және эмоцияны фактілерден ажырату тәсілдері;
— қақтығыс туындаған
жағдайда қайда жүгіну керектігі.
Практикалық жаттығулар мен
кейстер ұсынылып, психолог қызметі мен омбудсменнің жетекшілігімен студенттер
қақтығыстан шығу жолдарын, қолдау көрсетуді және жағдайды конструктивті шешуге
көмектесу тәсілдерін қарастырды.


Поделиться: