Қарағанды индустриялық университетінің ТНП-25 тобының студенті Мадиев Батыр Қазақстан Республикасының республикалық чемпионатының (Concept 2) жүлдегері атанды. Жарыс Қазақстан Республикасының академиялық ескек есуден жабық ғимаратта өткен чемпионаты аясында Астана қаласында өтті.
Мадиев Батыр жоғары дайындық деңгейін және жоғары спорттық нәтижелер көрсетті. Жеке бағдарламада (жекелей сында) ол үшінші орынды иеленді, екілік сайысында екінші орынды иеленді, ал төрттік құрамында жеңімпаз атанып, тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілді.
Спортшыны лайықты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Фотогалерея
Поделиться: