6B07101 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

1
Білім беру саласы
6B07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
В060 – Химиялық инженерия және процестер
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В060 – Химиялық инженерия және процестер
Берілетін дәреже
Техника және технологиялар бакалавры

Бағдарлама мақсаты

Халықаралық стандарттар мен отандық жоғары химиялық-технологиялық білім беру дәстүрлеріне негізделген органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында теориялық және практикалық білімдері бар, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті химик-технолог мамандарын даярлау.

Бағдарламаның бірегейлігі

6В07101 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының бірегейлігі іргелі химиялық дайындықты мұнай-химиясы, органикалық синтез, кокс-химия өндірісі, цифрландыру және жасанды интеллекттің заманауи технологияларымен ұштастыруында. Бағдарламаның ерекшелігі мен артықшылығы – Қарағанды индустриялық университетінің Қазақстан Республикасындағы ірі тау-кен металлургия кәсіпорындарының бірі – «Qarmet» АҚ орналасқан қалада орналасуы. Бұл ОЗХТ білім беру бағдарламасының студенттері үшін өндірістік тәжірибелерді тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тәжірибе барысында білім алушылар қажетті кәсіби құзыреттер мен практикалық дағдыларды меңгеріп, бұл олардың болашақ кәсіби қызметі мен жұмысқа орналасуына оң ықпал етеді.

Кәсіби қызмет саласы

Осы білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет саласы органикалық заттардың химиялық технологиясы болып табылады.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

Біліктілік талаптары мен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №553 бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады: • Химик-технолог; • Техник-технолог; • Технолог-шебер; • Инженер-технолог.

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Химия
  • Органикалық химия
  • Физикалық химия
  • Коллоидтық химия
  • Аналитикалық химия
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Жалпы химиялық технология
  • Органикалық заттарды өңдеу технологиясының теориялық негіздері
  • Көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы
  • Химиялық өндірістің негізгі процестері мен аппараттары
  • Металдардың коррозиясы және оларды қорғау
  • Гетерофазалық каталитикалық процестер
  • Негізгі органикалық синтез
  • Жоғары молекулалық қосылыстар өндірісінің технологиясы
  • Кокс-химия өндірісінің технологиясы
  • Химиялық кәсіпорындарды жобалау негіздері
  • Органикалық синтезге арналған реакциялық тораптар
  • Нанотехнологиялар және наноматериалдар
  • Органикалық заттарды зерттеудің физика-химиялық әдістері
  • Гетероциклді қосылыстар химиясы
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
  • Өндірістік практика I, II
  • Дипломалды практика

Оқытушылар

Пән Оқытушы
1 Химия, Органикалық химия, Негізгі органикалық синтез Исанова Б.Х.
2 Аналитикалық химия, Коллоидтық химия Абилканова Ф.Ж.
3 Физикалық химия кабиева С.К
4 Органикалық заттардың химиялық технологиясы, Гетерофазалық каталитикалық процестер, Жоғары молекулалық қосылыстар өндірісінің технологиясы Меркулов В.В.
5 Көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы, Металдардың коррозиясы және қорғанысы, Органикалық синтезге арналған реакциялық тораптар Алмазов А.И.
6 Жалпы химиялық технология, Химиялық өндірістің негізгі процестері мен аппараттары, Коксохимиялық өндіріс технологиясы, Химиялық кәсіпорындарды жобалау негіздері Мантлер С.Н.

Кәсіби стандарттар

Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:

Құжаттар

Модульдік білім беру бағдарламалары

Элективті пәндер каталогы

Сұрақ қою

KZ EN RU