1
Білім беру саласы
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6В071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В162 Жылу энергетикасы
Бағдарламаның бірегейлігі
6В07111 «Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасының өңірлік және республикалық деңгейдегі ұқсас бағдарламалармен салыстырғандағы айырмашылықтары төмендегідей:
1) Өнеркәсіптік жылу энергетикасы мен ТКШ-ға салалық бағытталуында
Бағдарлама жалпы жылу энергетикасына емес, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың энергетикалық жүйелері үшін мамандар даярлауға бағытталған. Оқу барысында жылумен жабдықтау көздері мен жүйелері, жылу желілері, ғимараттардың инженерлік жүйелері, қазандықтар мен ЖЭО, газ және жылу-газбен жабдықтау жүйелері, жылутехникалық жабдықтарды пайдалану және жөндеу мәселелері қамтылады.
2) Жылу энергетикалық жүйелердің толық өмірлік циклін кешенді қамтуында
Оқу жоспары жабдықтарды жобалау, есептеу, монтаждау, іске қосу-баптау, пайдалану, диагностика және жаңғырту кезеңдерін біріктіреді. Бағдарламаға ЖЭО, қазандық қондырғылар мен бу генераторлары, турбиналар, энергия тасымалдаушыларды өндіру және тарату жүйелері, жылу және масса алмасу процестері, су дайындау және метрология пәндері енгізілген. Бұл жүйелік инженерлік ойлауды және нақты өндірістік міндеттерді шешуге дайындықты қалыптастырады.
3) Энергетикалық даярлыққа цифрлық және интеллектуалдық технологияларды енгізуінде
Бағдарламаның ерекшелігі – цифрлық блоктың болуы: энергетикадағы САПР, өндірісті цифрландыру және автоматтандыру, энергетика мен өнеркәсіптегі жасанды интеллект, ақпараттық-өлшеу жүйелері. Түлектер цифрлық модельдеу, деректерді талдау және технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару бойынша базалық құзыреттерге ие болады.
4) Энергия тиімділігі мен «жасыл» энергетикаға басымдық беруінде
Бағдарламада энергия үнемдеу, энергоаудит, энергоменеджмент, екінші реттік энергетикалық ресурстарды пайдалану, «жасыл» энергетика және тұрақты даму бойынша пәндер жүйелі түрде қамтылған. Даярлық өнеркәсіптік және коммуналдық жүйелердің энергия тиімділігін арттыруға және ресурстық шығындарды азайтуға бағытталған.
5) Оқытудың айқын практикалық бағыттылығында
ББ құрылымында оқу, өндірістік және дипломалды практикалар нақты энергетикалық нысандарда өтуді көздейді. Даярлық өндірістік-технологиялық, пайдалану, монтаждау-баптау және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет түрлеріне бағытталған. Дипломдық жобалардың тақырыптары кәсіпорындардың нақты міндеттерімен байланысты.
6) Пәнаралық сипатта және кәсіби мүмкіндіктердің кеңеюінде
Бағдарлама жылутехника, гидрогазодинамика, электротехника, автоматтандыру, экология, экономика және басқару салаларын біріктіреді. Қосымша Minor аясында IT, инженерлік модельдеу, экономика және басқа да сабақтас салалар бойынша құзыреттер алуға мүмкіндік беріледі, бұл түлектердің кәсіби траекториясының икемділігін арттырады.
Кәсіби қызмет саласы
Осы білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет саласы – жылу энергетикасы, ол техниканың құрамдас бөлігі ретінде жылуды өндіруге және пайдалануға, оның ағындарын басқаруға, сондай-ақ энергияның әртүрлі түрлерін жылу энергиясына айналдыруға арналған адам қызметінің құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтиды.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
ББ түлегі ЖЭС (жылу электр станциясы), қаланың немесе ауылдың орталық жылу пунктінде (ОЖП), жеке компанияның немесе фирманың энергиямен қамтамасыз ету бөлімінде, жобалау және ғылыми-зерттеу институттарында, ауыз су және техникалық су дайындау цехтарында, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жылу инспекцияларында, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жылу инспекцияларында жұмыс істей алады. ЖЭС пен қазандықтардың, қазандықтарын турбиналық және қосалқы жабдықтарын шығаратын зауыттарда, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетикалық бөлімшелерінде мынадай:
- инженер-энергетик, инженер-конструктор, инженер-жобалаушы, бақылау-өлшеу аспаптарының инженері, баптау және сынау жөніндегі инженер, метрология жөніндегі инженер, жөндеу жөніндегі инженер, стандарттау жөніндегі инженер;
- шеберхана бастығы (меңгерушісі), өндірістік зертхана бастығы (өндірісті бақылау бойынша), жабдықтарды пайдалану қызметінің бастығы, өндірістік бөлім бастығы, техникалық бөлім бастығы, цех бастығы, ауысым бастығы;
- бақылау шебері (учаске, цех);
- директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент);
- директор (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы), бас энергетик, бас диспетчер, бас инженер, бас конструктор.