1
Білім беру саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6B071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В064 Механика және металл өңдеу
Берілетін дәреже
Өндірістің технологиялық жабдықтары білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Бағдарлама мақсаты
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық машиналары мен жабдықтарын өндіру және пайдалану саласында әлеуметтік-кәсіби, практикалық-бағдарланған құзыреттерге ие, жоғары білімді және жан-жақты дамыған бакалаврларды даярлау
Бағдарламаның бірегейлігі
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі өнеркәсіптік жабдықтарды жобалау, монтаждау, пайдалану және жөндеуді заманауи автоматтандырылған жобалау жүйелерімен, робототехникамен, аддитивті технологиялармен және металлургия мен өңдеу салаларының нақты қажеттіліктеріне бағытталған автоматтандырылған өндірістік кешендермен ықпалдастыра оқытумен айқындалады.
Кәсіби қызмет саласы
Технологиялық жабдықты зерттеуге, әзірлеуге және енгізуге бағытталған адам қызметінің құралдарының, әдістерінің жиынтығын қамтитын ғылым мен техниканың салалары, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандырудың технологиялық құрылғылар саласындағы зерттеулер болып табылады, сондай-ақ өндірістің негізгі салаларын механикаландыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Біліктілік пен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады:
- Инженер
- Инженер-конструктор (конструктор)
- Реттеу және сынақ бойынша инженер
- Жөндеу бойынша инженер
- Инженер-жобалаушы
- Механик
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген: