1
Білім беру саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6В072 Өндірістік және өңдеу салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
B068 Азық-түлік өнімдерін өндіру
Берілетін дәреже
Техника және технологиялар бакалавры
Бағдарлама мақсаты
Қазіргі заманғы стандарттар мен нарық талаптарына сәйкес қауіпсіз және инновациялық өнімдер жасай отырып, өндірістік процестерді әзірлеуге, енгізуге және тиімді басқаруға қабілетті, тамақ технологиялары саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
6B07208 «Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының бірегейлігі — тағам өнімдерін өндіру, сапасын бақылау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету технологияларын меңгерген мамандарды кешенді даярлауда. Бағдарлама HACCP, ISO стандарттарын, экологиялық тұрақтылық талаптарын, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіндегі жасанды интеллект, функционалдық және байытылған өнімдер, биологиялық белсенді қоспалар, заманауи қаптама материалдары және ферменттелген өнімдер сияқты инновациялық бағыттарды қамтиды. ОП-ның ерекше артықшылығы — практикалық бағыттылығы, тамақ өнеркәсібі талаптарымен байланысы және өндірісте, сапаны бақылау зертханаларында, сертификаттау саласында және жаңа тағам өнімдерін әзірлеуде жұмыс істеуге қажетті құзыреттерді қалыптастыруы.
Кәсіби қызмет саласы
Түлектердің кәсіби қызмет саласына тамақ және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы, микробиологиялық және биотехнологиялық бағыттағы ұйымдар, тағам өнімдерінің сапасын бақылау және сертификаттау ұйымдары, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, білім беру мекемелері кіреді.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Технолог-химик
Бас технолог
Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы бойынша технолог
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319–III «Білім туралы» Заңы.
-
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығы.
-
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы.
-
«Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығы.
-
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №603 бұйрығы.
-
«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №553 бұйрығы.
-
«Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану жөніндегі жоғары оқу орындарыаралық стандарт», Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен 2023 жылғы 20 желтоқсанда ұсынылған.
-
«Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану жөніндегі жоғары оқу орындарыаралық стандарт», Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен 2023 жылғы 20 желтоқсанда ұсынылған.
-
«Өсімдік майларын өндіру» — 26.12.2019
-
«Өсімдік майларын өндіру» — 26.12.2019 Тағам өнімдерінің сәйкестігін растау — 30.05.2023
-
Нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі — 02.12.2021
-
«Ет және ет өнімдерін өндіру» — 30.05.2023
-
Сүт және сүт өнімдерін өндіру — 30.05.2023