1
Білім беру саласы
6В11 Қызмет көрсету
2
Даярлау бағыты
6B112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В094 Санитариялық - профилактикалық іс-шаралар
Берілетін дәреже
6В11201 «Өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласында бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.
Бағдарлама мақсаты
Өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі саласындағы халықаралық және отандық стандарттарға негізделген болашақ кәсіби қызмет саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгерген бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
Индивидуалдық және білім беру бағдарламасының даму жоспарларының бірегейлігі 6В11201 «Өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы қоғамның және тиісті салалардың жоғары кәсіби білімі бар білікті инженерлік-техникалық мамандарға деген қажеттілігімен; тұлғаның зияткерлік, мәдени және адамгершілік тұрғыдан дамуға, жоғары кәсіби білім мен біліктілік алуға деген сұранысымен айқындалады.
6В11201 «Өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы білім алушылардың ғылыми және техникалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, сондай-ақ олардың өзін-өзі дамытуы мен кәсіби қызметіне қажетті құзыреттерді меңгеруіне ықпал етеді. Бұл құзыреттер өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары білім берудің халықаралық және отандық стандарттарына негізделген және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Кәсіби қызмет саласы
Осы білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет саласы: өнеркәсіптік, экологи-ялық және өрт қауіпсіздігі болып табылады.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201 бұйрығымен бекітілген "Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына" сәйкес анықталады
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер
- Қоршаған ортаны қорғау инженері
- Инженер-технолог
- Статистикалық байқаулар (тексерулер) жүргізу бойынша интервьюер
- Еңбек жөніндегі техник
- Инженер
- Сарапшы
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
Кәсіби стандарт: «Қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсету бойынша авариялық-құтқару жұмыстары», «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығына № 14 қосымша. № 270
-
Кәсіби стандарт: «Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау», «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығына № 5 қосымша. № 270
-
Кәсіби стандарт: «Еңбек қауіпсіздігі» Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы бұйрығына № 26 қосымша. № 255
-
Кәсіби стандарт: «Еңбекті стандарттау», «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы бұйрығына № 25 қосымша. № 255
-
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысымен ұсынылған «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде жасанды интеллектті пайдаланудың ЖОО аралық стандарты».