6В06102 Жасанды интеллект технологиялары

1
Білім беру саласы
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
2
Даярлау бағыты
6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В057 Ақпараттық технологиялар
Берілетін дәреже
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр

Бағдарлама мақсаты

Жасанды интеллект технологиялары саласында табысты дербес және командалық кәсіби қызметке қабілетті IT-мамандарды даярлау

Бағдарламаның бірегейлігі

6B06102 - ЖИТ Білім беру бағдарламасы деректерді жинаудан және талдаудан бастап машиналық оқыту модельдерін құруға, UX/UI әзірлеуге дейінгі толық циклдік жүйелерді жобалай алатын AI мамандарын жүйелі түрде дайындауды қамтамасыз етеді, инженерлік пәндер мен IT-құзыреттердің үйлесімін қамтиды.

Кәсіби қызмет саласы

Осы білім беру бағдарламасы түлектерініңкәсіби қызметінің саласы әртүрлі мақсаттағы ақпараттық және есептеу жүйелеріне арналған бағдарламалыққамтамасыз етуді өндіру болып табылады.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

Біліктілік пен лауазымдар төмендегі тізімге сәйкес анықталады Қазақстан Республикасының Ұлттық Жіктеуішісі (ҚР ҰЖ 01-2017) − Қолданбалы бағдарламашы − Жасанды интеллект маманы

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Компьютерлік жүйелердің интерфейстері
  • Логикалық бағдарламалау
  • Математикалық логика
  • Машиналық оқыту
  • Деректерді визуализациялау әдістері
  • Статистикалық модельдеу әдістері
  • Мобильді технологиялар
  • Сигналдарды өңдеу
  • Бағдарламалауға кіріспе (C++, Python
  • Робототехника
  • Жүйелік талдау
  • Фаззи-логикалық жүйелер
  • Ықтималдық теориясы
  • Ақпарат теориясы
  • Функционалды бағдарламалау
  • Web-технологиялар және веб-дизайн
  • Деректер базалары
  • Жасанды интеллектке кіріспе
  • Сараптамалық жүйелерді жобалау құралдары
  • Жасанды интеллект технологиялары
  • Сараптамалық жүйелер
  • Үлкен деректерді өңдеудің алгоритмдері мен бағдарламалары
  • Білім базалары және LLM тілдік модельдері
  • Интеллектуалды интернет-технологиялар
  • Деректерді интеллектуалды талдау
  • Жасушалық нейрондық желілер
  • Ақпараттық қауіпсіздіктің негіздері
  • Желідегі деректер мен білімнің ұсынылуы
  • Семантикалық желілер
  • Ғылыми зерттеулердің негіздері

Құжаттар

Модульдік білім беру бағдарлама

Сұрақ қою

KZ EN RU