7M04104 Экономика (бейіндік бағыт, 1,5 жыл)

Бағдарламаның бірегейлігі

7М04104 «Экономика» білім беру бағдарламасының бірегейлігі, бір жағынан, Қарағанды өңірінің ерекшелігін ескере отырып, өнеркәсіптік сектор үшін мамандар даярлауға бағытталғандығында. Екінші жағынан, білім беру бағдарламасына енгізілген пәндер бүгінгі күні аса өзекті Soft Skills дағдыларын қалыптастыратындықтан, түлектер әмбебап маман болып табылады, бұл оларға түрлі салаларда тез бейімделіп, табысты қызмет етуге мүмкіндік береді. 7М04104 «Экономика» бағдарламасы пәнаралық тәсілге ерекше назар аударады, бұл сыни ойлау мен креативтілікті дамытуға ықпал етеді. Мұндай тәсіл түлектерге тек ағымдағы міндеттерді шешіп қана қоймай, сондай-ақ тез өзгеріп жатқан еңбек нарығы жағдайында аса маңызды болып табылатын инновациялық шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Маңызды аспектілердің бірі – жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастық, бұл магистранттарға практикадан өтіп, нақты жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Бұл теориялық білімді бекітіп қана қоймай, пайдалы практикалық дағдыларды игеруге, заманауи технологияларды меңгеруге және өнеркәсіптегі нақты жұмыс жағдайларымен танысуға жағдай жасайды. Түлектер арнайы құзыреттермен қатар, кең дүниетанымға, сыни ойлау және тиімді коммуникация қабілеттеріне ие, командада жұмыс істей алады. Бұл оларды Қазақстанда да, оның шегінен тыс жерлерде де жоғары бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандар етеді, мұны түлектердің 100 пайыздық жұмыспен қамтылуы дәлелдейді.

Аккредитация

IAAR, 31.05.2024 - 30.05.2027
Сертификат

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU