1
Білім беру саласы
07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
7М071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
М103 Механика және металлөңдеу
Берілетін дәреже
7M07101 «Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Бағдарлама мақсаты
Жергілікті және жаһандық еңбек нарығының өзекті талаптарына сәйкес келетін, жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу саласында IT-ны қолданудың терең дағдылары бар, кәсіби қызметте дамыған тілдік құзыреттілігі бар кәсіби құзыретті магистрлерді дайындау.
Бағдарламаның бірегейлігі
«Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы» ББ-ның бірегейлігі: ББ-ның практикалық бағыттылығы, өңірдің ірі кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту; ғылыми-педагогикалық бағытта пәндерді тек қолданбалы емес, сонымен қатар зерттеушілік негізде құру; Қазақстан Республикасының және шетелдің жетекші жоғары оқу орындары базасында зерттеу тәжірибесі мен ғылыми тағылымдамалардан өту; магистрлік диссертациямен жұмыс істеу барысында эксперименттер мен зерттеулерге ерекше көңіл бөлініп, инновациялық тұжырымдамалар мен өнімдер әзірленеді; практикалық тапсырмалар, баспасөз конференциялары мен презентациялар орындау барысында білім алушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру және дамыту, бұл оңтайлы әрі тиімді, соның ішінде стандартты емес және бірегей шешімдер қабылдауға ықпал етеді.
Кәсіби қызмет саласы
7М07101/7М07104 «Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу технологиялары» білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызмет саласы – қолданыстағы өндірістерді басқарумен, оларды жетілдірумен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен байланысты ғылым мен техника саласы.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның аталған білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға 7M07101 «Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.
Біліктілікке қойылатын талаптар мен лауазымдар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы Бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады және оның негізінде түлек құрамында ұнтақты және композициялық материалдарды өңдеумен айналысатын бөлімдері бар кәсіпорындарда келесі лауазымдарда жұмыс істеуге құқылы:
Басшылардың лауазымдары: Бас технолог, Өндіріс меңгерушісі, Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент), Учаске мастері, Өндірістік зертхананың (өндірісті бақылау бойынша) бастығы, Сапаны бақылау бөлімінің бастығы, Патенттік және өнертапқыштық жұмыстар бөлімінің бастығы, Өндірістік бөлімінің бастығы, Ауысым бастығы, Техникалық бөлім бастығы, Орталық зауыттық зертхананың бастығы, Цех (учаске) бастығы, Тәжірибелі өндірістің цех бастығы, Жұмыс өндіруші.
Мамандардың лауазымдары: Инженер, Инженер-конструктор (конструктор), Инженер-зертханашы, Құрал-сайман жөніндегі инженер, Сапа жөніндегі инженер, Жабдықты жинақтау жөніндегі инженер, Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер, Патенттік пен өнертабыстық жұмыс бойынша инженер, Өндірісті дайындау жөніндегі инженер, Инженер-технолог (технолог), Кәсіби кеңесші, Ұйымдағы директордың көмекшісі (бас директордың, атқарушы директордың, президенттің, басқарма төрағасының, басқарушының) және басқа бірінші басшылардың (референт, кеңесші).
Басқа қызметшілердің (техникалық орындаушылардың) лауазымдары: Кодификатор.
Ғылыми және техникалық қызметкерлердің басшы лауазымдары, жалпы ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық және іздестіру ұйымдары үшін: Институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің (бөлімше, зертхана) меңгерушісі (бастығы), Институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің (бөлімше, зертхана) құрамына кіретін ғылыми-зерттеу секторының (зертхананың) меңгерушісі (бастығы), Ғылыми қызметкер (жетекші, аға, кіші), Инженер, Сарапшы, Зертханашы.
Жобалаушы, конструкторлық, технологиялық және зерттеу ұйымдарының басшылық және техникалық лауазымдары: Инженер-жобалаушы.
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
«Білім туралы» ҚР 27.07.2007 ж. № 319-III Заңы;
-
«Жоғары және кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы;
-
Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу ережесін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 Бұйрығы (19.04.2023 өзгерістерімен және толықтыруларымен);
-
«Педагог» кәсіби стандарты («Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына қосымша);
-
Кәсіби стандарт: «Инновациялық жобаны коммерцияландыру» Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасарының 2019.12.24 № 259 бұйрығына № 3 қосымша;
-
«Инновациялық жобаны сүйемелдеу» кәсіби стандарты («Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 24.12.2019 ж. № 259 бұйрығына № 11 қосымша);
-
«Ғылым мен инноваторлардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру» кәсіби стандарты («Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 24.12.2019 ж. № 259 бұйрығына № 1 қосымша);
-
«Инновациялық идеяларды әзірлеу және трансформациялау» кәсіби стандарты («Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 24.12.2019 ж. № 259 бұйрығына № 9 қосымша);