7M07109 Материалтану және материалдардың нанотехнологиялары (Бейіндік бағыт)

1
Білім беру саласы
7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
7M071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
M101 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
Берілетін дәреже
7M07109 – Материалтану және материалдардың нанотехнологиясы білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрі

Бағдарлама мақсаты

Ғылым мен өндірістегі жаһандық және интеграциялық процестер жағдайында металлургия және машина жасау салаларына заманауи материалдарды өндірудің жаңа технологиялары мен балама әдістерін әзірлеуде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметте инновацияларға дайын магистрлерді дайындау

Бағдарламаның бірегейлігі

7M07109 «Материалтану және материалдар нанотехнологиясы» білім беру бағдарламасының бейіндік бағыты өндіріс саласына бағытталған практикалық дайындықты қамтамасыз етеді, заманауи материалдарды алу, өңдеу және беріктендіру технологияларын терең меңгертуге, нанотехнологиялық шешімдер мен инженерлік модельдеуді қолдануға, материалдардың қасиеттерін бақылау мен диагностикалаудың заманауи әдістерін және қолданбалы есептеу құралдарын өндірістік-технологиялық міндеттерді шешуге кіріктіруге бағытталған.

Кәсіби қызмет саласы

Осы білім беру бағдарламасының магистратурасын бітірген түлектер өндірістік, технологиялық, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру жұмыстарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың инженерлік және басқарушы лауазымдарында жетекші мамандар ретінде орындайды, сонымен қатар жоғары және орта оқу орындарында оқытушылық қызметпен айналысады.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

Біліктілік пен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады: - Бас инженер; - Бас технолог; - Цех (участке) бастығы; - Инженер-технолог (технолог); - Кіші ғылыми қызметкер.

Аккредитация

IAAR, 31.05.2024 - 30.05.2029
Сертификат

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Аморфты қорытпалар
  • Ғылыми зерттеулер әдіснамасы
  • Ғылыми коммуникация
  • Наножүйенің жалпы мәселелері
  • Материалдарды зерттеудің заманауи әдістері
  • Коррозиялық процестер теориясы
  • Өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы
  • Материалдарды алу технологиясы
  • Материалтану және перспективалы материалдар технологиясы
  • Материалтану және перспективалы материалдар технологиясы
  • Беріктендірудің инновациялық әдістері
  • Термиялық және химиялық-термиялық өңдеудің инновациялық үдерістерінің теориясы мен технологиясы мәселелері

Кәсіби стандарттар

Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:

  • Инновациялық жобаны ілестіру
  • Инновациялық идеяларды әзірлеу және трансформациялау
  • EPVO

Сұрақ қою

KZ EN RU